О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2010 года № 1350 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2011 - 2013 годы" Қолданыста
Басқа 0
"2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 25-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24 және 25-жолдармен толықтырылсын:
"
24
«Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінде (Давос, Швейцария Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу»
Талдамалық зерттеулер жүргізу
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ
007 «Экономика сауда және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулер жүргізу»
32 000
25
«Шағын және орта бизнесті айқындау өлшемдерін заңнамада синхрондау жөнінде, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік қолдаудың (реттеудің) тиімді тетігін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу»
Талдамалық зерттеулер жүргізу
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ
007 «Экономика, сауда және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулер жүргізу»
15 000
".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.