О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2010 года № 1350 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2011 - 2013 годы" Қолданыста
Басқа 0
"2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;»;
мынадай мазмұндағы 13-2-тармақпен толықтырылсын:
«13-2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.»;
көрсетілген қаулыға 26-қосымшада:
003 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» деген функционалдық топта:
201 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген әкімші бойынша:
033 бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
«033 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 152767»;
көрсетілген қаулыға 27-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 32-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 шілдедегі
№ 871 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1350 қаулысына
27-қосымша
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
Р/с
№
Облыстардың атауы
Сомасы, мың теңге
Барлығы:
449 421
1.
Ақмола облысы
33 502
2.
Ақтөбе облысы
22 742
3.
Алматы облысы
32 302
4.
Атырау облысы
14 686
5.
Шығыс Қазақстан облысы
45 546
6.
Жамбыл облысы
23 572
7.
Батыс Қазақстан облысы
16 772
8.
Қарағанды облысы
46 933
9.
Қостанай облысы
28 192
10.
Қызылорда облысы
21 870
11.
Маңғыстау облысы
22 398
12.
Павлодар облысы
19 603
13.
Солтүстік Қазақстан облысы
17 818
14.
Оңтүстік Қазақстан облысы
51 207
15.
Алматы қаласы
31 254
16.
Астана қаласы
21 024
Басқа 4. 2011 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 шілдедегі
№ 871 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1350 қаулысына
32-қосымша
2011 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету
мың теңге
ФТ
Әкімші
Бағдарлама
Атауы
Өзгерістер (+, -)
II. Шығындар
0
003
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
0
201
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
6 744 124
001
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын ұйымдастыру және айқындау жөніндегі қызметтер
47 381
015
Жеке куәлік құжаттарын дайындау
6 400 089
033
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
296 654
221
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
- 6 744 124
001
Мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ету
- 332 689
015
Жеке куәлік құжаттарын дайындау
- 6 400 089
022
Әділет органдарының күрделі шығыстары
- 11 346