О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2010 года № 301 "Об утверждении Программы "Дорожная карта бизнеса 2020" и от 10 июня 2010 года № 556 "О некоторых мерах по реализации Программы "Дорожная карта бизнеса 2020" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында: «Міндеттері» деген 4.3-бөлімде: «Бірінші бағыт: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» деген кіші бөлімде: өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттарында: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, ұңғымаларды салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.»;
Тармақша 2
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ережесінде: «Кәсіпкерлерді өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау» деген 8-бөлімде: 61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «61. Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, ұңғымаларды салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.