О внесении изменений в решение областного маслихата от 13 декабря 2010 года № 337 "О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду на 2011 год" Күшін жойған
Басқа 0
"2011 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «2011 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 1-2 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбындағы, шешімнің 1, 2 тармақтарындағы, сонымен қатар шешімнің Қосымшасының атауындағы «2011 жылға арналған» сөзі – алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады.