О внесении изменения и дополнений в решение областного маслихата от 13 декабря 2010 года № 337 "О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду" Күшін жойған
Басқа 0
"Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 желтоқсандағы № 505-IV Заңының 1-бабының 4-тармағына, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 1-2 жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің 1-тармағының 2 абзацы, «6» санынан кейін «6-1» сандарымен толықтырылсын;
шешімге қосымшадағы:
6-тармақтың 1.3.7 тармақшасы - алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды».
Тармақ 2
2. Мәслихаттың осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.