О внесении изменения в решение областного маслихата от 13 декабря 2010 года № 337 "О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 4-тармағының 201) тармақшасына сәйкес, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 1-2 жарияланған) шешімінің қосымшасына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Тармақ 4
4-тармақ кестесiнiң 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын: 3. Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін 0,48
Тармақ 2
2. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.