О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 359 "Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение международных нерегулярных полетов" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру тәртібін және рұқсаттар беруден бас тарту негіздерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту ережесінде: 4-тармақтың 11-абзацы алып тасталсын; 11-тармақтың 2-абзацы алып тасталсын; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Шетелдік пайдаланушының өтінімі бірнеше өзара байланысты халықаралық тұрақты емес ұшудың (төрт және одан да көп ұшулар) серияларын орындау үшін бірінші ұшуды орындауға дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А. Бектұровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.