О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 363 "Об утверждении Инструкции по утверждению расписания регулярных рейсов на внутренних и международных авиамаршрутах Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 363 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 363 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6462 болып тiркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 1 қазандағы № 398-401 (26244) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықтың:
8-тармағындағы «45» саны «15» санымен ауыстырылсын;
11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.