О признании утратившим силу решение Алакольского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 3-5 «Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель населенных пунктов Алакольского района» Қолданыста
Басқа 0
«Алакөл ауданы елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 3-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 3-5 «Алакөл ауданы елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65736 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.