О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 февраля 2012 года № 39 "Об установлении лимита доли акций (долей участия в уставном капитале) родительской организации банковского конгломерата, банка или банковского холдинга, принадлежащих дочерним организациям банка либо банковского холдинга, организациям, в которых банк либо банковский холдинг имеют значительное участие" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы № 39 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7463 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ банктің не банк холдингінің капиталына қомақты қатысатын ұйымдары 2013 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулыда белгіленген талаптарға сәйкес келтірсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.