О внесении изменения в постановление акимата города Атырау от 13 июня 2012 года № 950 "Об установлении единого тарифа на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Атырау" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 950 "Атырау қаласындағы жолаушылар мен богажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың біріңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабы 2 тармағын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 950 "Атырау қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4-1-164 болып тіркеліп, 2012 жылдың 19 маусымында облыстық "Атырау" газетінің № 69 (19453) санында жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін: 1 тармақтағы "60 (алпыс) теңге" деген сөздер "50 (елу) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қала әкімі аппараты осы қаулының Атырау қалалық әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.И. Нұрлығожиевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.