О внесении дополнений в решение Махамбетского районного маслихата от 13 ноября 2013 года № 135 «Об утверждении перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 135 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына» сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 135 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2796 тіркелген, «Жайық шұғыласы» газетінде 2013 жылы 12 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы 6, 7, 8 тармақшалармен толықтырылсын: «6) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.»; «7) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар ішінен оқшаулау және көшіру жүргізілген аймақтан Қазақстан Республикасына көшірілген (өз еркiмен көшкен),көшірілген күні анасының құрсағында болған балаларды қоса, адамдар.»; «8) Чернобыль АЭС- індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б.Рахметов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.