О внесении изменения в решение Махамбетского районного маслихата от 13 ноября 2013 года № 135 «Об утверждении перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи» Күшін жойған
Басқа 0
Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 135 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 135 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2796 тіркелген, «Жайық шұғыласы» газетінде 2013 жылы 12 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тілінің 2-қосымшасының 7) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«7) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.»;
орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Рахметов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.