О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 13 февраля 2014 года № 185/26-5 «Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки в селе Акмол и сельских населенных пунктах Целиноградского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 «Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Ақмола облысы Целиноград ауданының Воздвиженка ауылын және Воздвиженка ауылдық округін қайта атау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № А-13/578 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5659 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4036 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда «Ақмол ақпараты», «Вести Акмола» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімге 2-қосымшада: кестенің 3-бағанында: бірінші, он төртінші, жиырма бірінші (аймақ нөмірі I) жолдарда «Воздвиженка ауылы», «Воздвиженка ауылдық округі» сөздері «Нұресіл ауылы», «Нұресіл ауылдық округі» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Целиноград ауданының әкімі ________________М. Тәткеев 28.03.2017 «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы _______________А. Нұртазин 28.03.2017