О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 57 «Об утверждении Инструкции по государственному техническому обследованию объектов недвижимости» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9173 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығына 10-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2022 жылғы 27 тамыздағы № 718 бұйрығына қосымша Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығына 10-қосымша ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МАҚСАТЫ БОЙЫНША КЛАССИФИКАТОРЫ 1. ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР 11. Тұрақты тұруға: 1101. Көппәтерлі көпқабатты; 1102. Дәліз тәрізді көпқабатты; 1103. Дәліз тәрізді азқабатты; 1104. Иелігінде жері бар бірпәтерлі; 1105. Иелігінде жері бар бірпәтерлі коттедждер; 12. Уақытша тұруға: 1201. Қонақ үй, отель; 1202. Жатақхана; 1203. Интернат, пансионат; 1204. Кемпинг; 1205. Мотель; 1206. Саяжай құрылыстары. 12. ҚОҒАМДЫҚ ҒИМАРАТТАР 21. Білім беру мекемелерінің ғимараттары: 2101. Балалар бөбекжайы; 2102. Бала бақша; 2103. Бала бақша-ясли, бала комбинаты; 2104. Жалпы білім беретін мектептің, лицейдің, гимназияның оқу ғимараты; 2105. Кәсіптік-техникалық училищенің әкімшілік-оқу ғимараты; 2106. Кәсіптік-техникалық училищенің оқу-зертханалық ғимараты; 2107. Орта-арнайы оқу орнының (техникумның, колледждің) әкімшілік-оқу ғимараты; 2108. Орта-арнайы оқу орнының оқу-зертханалық корпусы; 2109. Жоғары оқу орнының (университеттің, институттың) оқу-зертханалық корпусы; 2110. Жоғары оқу орнының әкімшілік-оқу ғимараты; 2111. Жоғары оқу орнының әкімшілік-тұрмыстық корпусы; 2112. Оқу полигоны; 2113. Оқу орнының зертханалық-өндірістік корпусы; 2114. Оқу орнының профилакторийі; 2115. Қысқа мерзімді лицензияланған оқу-дайындық орнының (мектептің, курстардың, комбинаттың) оқу ғимараты; 2116. Мамандарды қайта дайындау және біліктілігін арттыру курстарының оқу ғимараты; 2117. Мектептен тыс оқу орындарының (оқушылар үйінің, жас техниктер станциясының, жас натуралистер станциясының) ғимараты; 22. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және сауықтандыру мақсатындағы мекемелердің ғимараттары; 2201. Аурухананың, госпитальдың, клиниканың әкімшілік-емдеу корпусы; 2202. Аурухананың, госпитальдың, клиниканың емдеу корпусы; 2203. Аурухананың, госпитальдың, клиниканың процедуралық корпусы; 2204. Пертзентхана; 2205. Емхананың, диспансердің, консультацияның диагностикалық корпусы; 2206. Диагностикалық орталық; 2207. Емхананың, диспансердің, консультацияның процедуралық корпусы; 2208. Фельдшерлік, фельдшер-акушерлік пункттің, амбулаторияның емдеу-диагностикалық корпусы; 2209. Аурухананың, емхананың, диспансердің, консультацияның әкімшілік-зертханалық корпусы; 2210. Аурухананың, емхананың, диспансердің, консультацияның әкімшілік-тұрмыстық корпусы; 2211. Аурухананың, емхананың, диспансердің, консультацияның зертханалық корпусы; 2212. Қан құю станциясының зертханалық-дайындау корпусы; 2213. Жедел жәрдем станциясының емдеу-диагностикалық корпусы; 2214. Сүт ас үйінің тарату пунктінің, сүт ас үйінің зертханалық-өндірістік корпусы (үй-жайы); 2215. Дәрігерлік-косметологиялық салоны; 2216. Дәріхана; 2217. Мүгедектігі бар адамдар, жұмыссыздардың және үйсіздердің еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру орталығының әкімшілік тұрмыстық ғимараты; 2218. Қарттарға арналған үй-интернатының әкімшілік-тұрмыстық ғимараты; 2219. Балалар үй-интернатының әкімшілік-тұрмыстық ғимараты; 2220. Психоневрологиялық ауытқулары бар ересек және мүгедектігі бар балалардың үй-интернаттарының әкімшілік-тұрмыстық ғимараты; 2221. Курорттың, санаторийдің, шипажайдың әкімшілік-тұрмыстық корпусы; 2222. Курорттың, санаторийдің, шипажайдың жатын корпусы; 2223. Мектептік лагерьдің әкімшілік-тұрмыстық корпусы; 2224. Мектептік лагерьдің жатын корпусы; 2225. Демалыс үйінің, спорттық-туристік базаның, пансионаттың әкімшілік-тұрмыстық ғимараты; 2226. Демалыс үйінің, спорттық-туристік базаның, пансионаттыңжатын корпусы; 2227. Санитарлық-эпидемиологиялық станцияның әкімшілік-зертханалық ғимараты; 2228. Санитарлық-эпидемиологиялық станцияның зертханалық ғимараты; 23. Дене шынықтыру-спорт құрылыстары; 2301. Стадион, спорт сарайы, жабық арена; 2302. Спортзалы, манеж; 2303. Жабық су стадионы, жүзу бассейні; 2304. Көпфункционалды спорт құрылысы; 2305. Ату тирі; 2306. Ашық жүзу бассейні; 2307. Спорт кешені; 2308. Велотректер; 2309. Жасанды мұз аренасы; 2310. Спорттық-техникалық клуб; 2311. Мінбемен жабдықталған спорт алаңы; 2312. Спорт кешенінің қосалқы ғимараттары (құрылыс, павильон); 24. Мәдениет және өнер мекемелерінің ғимараттары; 2401. Театр; 2402. Цирк; 2403. Филармония; 2404. Мәдениет үйі, клуб; 2405. Көпфункциялы ғимарат, мәдени орталық; 2406. Кинотеатр, бейнесалон; 2407. Музей; 2408. Көрме залы; 2409. Кітапхана; 2410. Казино, ойын залы, би залы; 2411. Мәдениет және өнер мекемелерінің қосалқы ғимараттары (құрылыс-павильоны); 25. Сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары: 2501. Сауда үйі, әмбебап дүкен; 2502. Азық-түлік емес тауарлар дүкені; 2503. Универсам; 2504. Азық-түлік тауарлар дүкені; 2505. Мамандандырылған дүкен (жиһаз, құрылыс материалдары, автомобильдерді сату бойынша, экология және басқалар); 2506. Кулинария дүкені; 2507. Ауылшаруашылығы өнімін сату бойынша жабық базар (кешен); 2508. Ауылшаруашылығы өнімін сату бойынша жабдықталған базар, шатырлы алаң; 2509. Жабдықталған ұсақ көтерме сауда базары, шатырлы алаң; 2510. Сауда объектісінің қосалқы ғимараттары (құрылыс, павильон); 2511. Дүңгіршек; 2512. Мейрамхана, кафе; 2513. Асхана; 2514. Бар, тамақ ішетін орын; 2515. Қоғамдық тамақтану объектісінің (құрылыс, павильон) қосалқы ғимараты; 2516. Тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты; 2517. Сыртқы киім, бас киім және аяқ киімді тігу және жөндеу бойынша өндірістік ғимарат (қосалқы үй-жай); 2518. Тұрмыстық техниканы және жиһазды жөндеу және прокатқа беру бойынша өндірістік ғимарат (қосалқы үй-жай); 2519. Тұрмыстық қызмет көрсету (шаштараз, фотосалон, қабылдау пункттері, кір жуу, химиялық тазалау) бойынша өндірістік ғимарат (қосалқы үй-жай); 2520. Кір жуатын өндірістік ғимарат; 2521. Фабрика-химиялық тазалау, химиялық тазалау цехінің өндірістік ғимараты; 2522. Монша кешені, монша; 2523. Ломбард. 26. Басқару, ғылыми, жобалау, банктік, сақтандыру, іскерлік, қоғамдық және байланыс ұйымдары мен мекемелерінің ғимараттары мен құрылыстары: 2601. Әкімшілік мекеменің ғимараты (негізгі корпусы, үй-жайы); 2602. Банктің әкімшілік-өндірістік ғимараты (операциялық үй-жайы); 2603. Биржаның әкімшілік-өндірістік ғимараты (үй-жайы); 2604. Сақтандыру мекемесінің әкімшілік-өндірістік ғимараты (үй-жайы); 2605. Іскерлік мекеменің ғимараты (үй-жайы) (офис, кеңсе); 2606. Қоғамдық ұйымның ғимараты (үй-жайы); 2607. Пошта-телеграф ғимараты (үй-жайы); 2608. Телеорталық, радиостанция, спутник байланысы ғимараты; 2609. Автоматты телефон станцияның ғимараты (үй-жайы); 2610. Ғылыми, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемесінің әкімшілік-өндірістік кешен; 2611. Ғылыми, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемесінің зертханалық корпусы (полигоны); 2612. Ғылыми, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемесінің тәжірибелік-эксперименталдық полигоны; 2613. Қосалқы шаруашылық-тұрмыстық және техникалық ғимарат (құрылыс). 27. Діни құрылыстар: 2701. Мешіт; 2702. Медресе ғимараты; 2703. Шіркеу, храм; 2704. Діни ғимарат. 13. Өнеркәсіптік-өндірістік, қоймалық және коммуналдық ғимараттар 31. Өнеркәсіптік-өндірістік ғимараттар мен құрылыстар: 3101. Өндірістік корпус, цех; 3102. Инженерлік корпус; 3103. Әкімшілік-тұрмыстық корпус; 3104. Тұрмыстық корпус; 3105. Әкімшілік-өндірістік корпус; 3106. Өндірістік-қосалқы ғимарат (құрылыс); 3107. Өту орны. 32. Қойма құрылыстар: 3201. Қойма құрылыстар; 3202. Көкөніс қоймасы; 3203. Бункер; 3204. Резервуар; 3205. Тоңазытқыш; 3206. Мұнай сақтағыш; 3207. Қалқалағыш. 33. Коммуналдық құрылыстар: 3301. Өрт депосы; 3302. Коммуналдық кәсіпорынның әкімшілік-тұрмыстық ғимараты; 3303. Коммуналдық кәсіпорынның өндірістік ғимараты (құрылысы) 3304. Жерлеу қызметін көрсету бюросы; 3305. Крематория; 3306. Қоғамдық әжітханалар. 14. КӨЛІКТІК ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР 41. Темір жол көлік ғимараттары мен құрылыстары: 4101. Темір жол вокзалы; 4102. Темір жол станцасының жолаушыларға арналған ғимараты; 4103. Темір жол депосы; 4104. Тартылатын қосалқы станциялар; 4105. Жөндеу-өндірістік шеберхана; 4106. Әкімшілік-тұрмыстық құрылыс; 4107. Өндірістік-қосалқы ғимарат (құрылыс); 4108. Бақылау-өткізу пункті, өтетін жер. 42. Қалалық автомобиль және электр көліктерінің ғимараттары мен құрылыстар: 4201. Автовокзал; 4202. Автостанция; 4203. Манеж түріндегі гараж; 4204. Бокстық үлгідегі гараж; 4205. Жабық тұрақ; 4206. Трамвай депосы; 4207. Троллейбус депосы; 4208. Метрополитен станциясы; 4209. Метрополитен депосы; 4210. Жөндеу-өндірістік шеберханасы; 4211. Әкімшілік-тұрмыстық құрылыс; 4212. Қоймалық үй-жай; 4213. Диспетчерлік пункт; 4214. Өндірістік-қосалқы ғимарат (құрылыс); 4215. Бақылау-өткізу пункті, өтетін орын; 4216. Тарту қосалқы станциясы; 4218. Көпдеңгейлі көліктік айырық. 4219 Тұрақ орын. 4220 Көшетжай. 43. Өзен көлік құрылысының ғимараттары: 4301. Өзен вокзалы; 4302. Өзен айлағы; 4303. Кемелерді жөндеу шеберханасы; 4304. Әкімшілік-тұрмыстық құрылыс; 4305. Жүк тиейтін айлақ; 4306. Бақылау-өткізу пункті, өтетін орын; 4307. Жеке су-моторлы құрал айлақтары; 4308. Өзен кемелеріне қызмет көрсететін құрылыстар. 44. Теңіз көлік ғимараттары мен құрылыстар: 4401. Теңіз вокзалы; 4402. Теңіз айлағы; 4403. Кемелерді жөндеу шеберханасы; 4404. Әкімшілік-тұрмыстық құрылыс; 4405. Жүк тиейтін айлақ; 4406. Терминал; 4407. Бақылау-өткізу пункті, өтетін орын; 4408. Теңіз кемелеріне қызмет көрсету құрылысы. 45. Әуе көлігі ғимараттары мен құрылысы: 4501. Аэровокзал; 4502. Жолаушыларға арналған ғимарат; 4503. Диспетчерлік пункт; 4504. Құралдар мен авиакөлік құралдарын жөндеу шеберханасы; 4505. Ангар; 4506. Авиа көлік құралдарына қызмет көрсету бойынша қосалқы құрылыс; 4507. Багаж-жүк құрылысы; 46. Ауыл шаруашылық өндірістік құрылыс: 4601. Ферма; 4602. Ит қора; 4603. Ат қора; 4604. Шошқа қора; 4605. Құс қора; 4606. Жылы жай; 4607. Көшетжай; 4608. Қалқалағыш; 15. ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІ ҚҰРЫЛЫСЫ 51. Жылумен қамтамасыз ету құрылысы: 5101. Жылуэлектрорталығы; 5102. Қазандық; 5103. Жылу пункті; 5404. Жылу камерасы; 5105. Бойлерлік; 5106. Градирня; 5107. Жылу трассасы. 52. Сумен қамтамасыз ету жүйесі мен кәріз жүйесі құрылысы: 5201. Жер бетіндегі су жинағыш; 5202. Жер астындағы су жинағыш; 5203. Су тазалағыш құрылыс; 5204. Сукернеуіш мұнара; 5205. Сумен қамтамасыз ету насос станциясы; 5206. Кәріз насос станциясы; 5207. Сарқынды суларды техаликалық тазалау станциясы; 5208. Сарқынды суларды биологиялық тазалау станциясы; 5209. Су құбыры; 5210. Кәріз. 53. Газбен қамтамасыз ету құрылысы: 5301. Газ бөлу станциясы; 5302. Газ бөлу пункті; 5304. Газбен толтыру станциясы; 5305. Газгольдер; 5306. Газ құбыры; 5307. Мұнай құбыры. 54. Электрмен қамтамасыз ету жүйесі құрылысы: 5401. Мемлекеттік аудандық электр станциясы; 5402. Су электр станциясы; 5403. Кіші электрстанциясы; 5404. Трансформаторлық кіші станция; 5405. Трансформаторлық пункті; 5405. Электр желісі. 55. Байланыс желілері жүйесінің құрылысы. 56. Су техникалық құрылысы.