О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 13 января 2014 года № 722 «Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия, учета, хранения и уничтожения дипломатических и служебных паспортов Республики Казахстан и перечня должностных лиц Республики Казахстан, которым выдаются дипломатические и служебные паспорта Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы
№ 722 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларында 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Паспортты Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес Министрлік береді.
Тізбеде көрсетілмеген адамдарға Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің беруіне жол беріледі.».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.