О внесении изменений и дополнения в решение акима Щербактинского района от 13 марта 2015 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Щербактинского района» Күшін жойған
Басқа 0
Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы «Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 303/27 бірлескен шешімі мен Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы «Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» № 2 қаулысына, Шарбақты ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 наурыздағы «Ауылдық округтерді қайта құру туралы» № 46/2 қаулысына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы «Шарбақты
ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4395 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірде аудандық «Маралды» және «Трибуна» газеттерінде жарияланған)
№ 2 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
№ 441 сайлау учаскесінде екінші абзацтағы «Красиловка» сөзі «Сосновка» сөзіне ауыстырылсын;
№ 454 сайлау учаскесінде екінші абзацтағы «Хмельницкий» сөзі «Жылы-Бұлақ» сөзіне ауыстырылсын;
№ 459 сайлау учаскесінде екінші абзацтағы «Алексеевка» сөзі «Александровка» сөзіне ауыстырылсын;
№ 463 сайлау учаскесінде екінші абзацтағы «Чигиринов» сөзі «Галкин» сөзіне ауыстырылсын;
№ 464 сайлау учаскесінде екінші абзацтағы «Чигиринов» сөзі
«Шалдай» сөзіне ауыстырылсын;
№ 465 сайлау учаскесінде бірінші абзацтағы «Садық-Ащы негізгі мектебінің ғимараты» сөздерінің алдында «бұрынғы» сөзі қосылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Шарбақты аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы
________________Ю. Масальская
2019 жылғы «6» маусым