Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 13 октября 2015 года № 306 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий и животного мира»

Қаулы · № 285 · қабылданған 30.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2015-no-306-ekb-116830/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 13 октября 2015 года № 306 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий и животного мира» Күшін жойған Қаулы ·№ 285 ·30.11.2017
28.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 13 октября 2015 года № 306 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий и животного мира»

Күшін жойған Қаулы ·№ 285 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 13 октября 2015 года № 306 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий и животного мира»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 306 "Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
285
Қабылданған күні
30.11.2017
Көрсетілген редакция
28.02.2020 116830_447059.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17M0003486
ЭКБ идентификаторы
116830
Редакция идентификаторы
116830_447059
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:04

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 13 қазандағы
№ 306 «Орман шаруашылығы, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар және
жануарлар дүниесі саласында
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 23 маусымдағы № 270 «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаcындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14028 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 306 «Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2869 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10676 болып тіркелген) бекітілген Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.»;
4 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс обьектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет регламентінде:
4 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/41 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10489 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.»
4 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетен қызмет регламентінде:
4 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».

2

2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Э. Әділбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушысы
____________ Е.Э. Әділбаев
«30» қараша 2017 жыл

Қолданыстағы