О внесении изменений в постановление акимата Западно–Казахстанской области от 13 апреля 2015 года №98 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Западно-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 мамырда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларында: 1-қосымшада: реттік нөмірі 6–жол мынадай редакцияда жазылсын: « 6 Емханалар 1 келіп кету »; реттік нөмірі 7- жол мынадай редакцияда жазылсын: « 7 Ауруханалар, өзге де емдеу–сауықтыру мекемелері 1 төсек - орын »; реттік нөмірі 9–жол мынадай редакцияда жазылсын: « 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын »; реттік нөмірі 10- жол мынадай редакцияда жазылсын: « 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 отыратын орын »; реттік нөмірі 14 және 15 жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 14 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер сауда алаңы 1 м2 15 Машиналардан сату сауда орнының 1 м2 »; 6-қосымшада: 2-тармақтың 3) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Р.С.Шауенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.А. Алпысбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Аббревиатураның толық жазылуы: м2 - шаршы метр.