О внесении изменений в решение районного маслихата от 13 апреля 2016 года № 15 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в Иргизском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 «Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 «Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4900 тіркелген, 2016 жылы 16 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында және мәтінінде «жоғарылату», «жоғарылатылсын» сөздері «арттыру», «арттырылсын» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.