О внесении изменений в решение районного маслихата от 13 апреля 2016 года № 15 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в Иргизском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 «Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 «Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4900 тіркелген, 2016 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы»; кіріспеде «, 704 бабының 3 тармағына» деген сөздер алып тасталсын; 1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «1. Ырғыз ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.».
Тармақ 2
2. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.