О внесении изменения в постановление акимата Макатского района от 13 октября 2016 года № 165 «Об установлении квоты рабочих мест по Макатскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 165 «Мақат ауданы
бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы №165 «Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3666 санымен тіркелген, аудандық «Мақат тынысы» газетінде 2016 жылғы 10 қарашада жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Ұйымдардың тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Мақат ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Гумаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.