О внесении изменения в постановление акимата Макатского района от 13 октября 2016 года № 165 «Об установлении квоты рабочих мест по Макатскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы №165 «Мақат ауданы
бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы №165 «Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3666 санымен тіркелген, 2017 жылғы 03 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Мақат ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Гумаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.