О внесении изменений в приказы Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 13 января 2016 года № 2 «Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения органов национальной безопасности Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования» и от 30 сентября 2023 года № 79/қе «Об утверждении Правил временного назначения на вакантные воинские должности военнослужащих нижестоящего состава либо граждан» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 және «Төмен тұрған құрамдағы әскери қызметшілерді не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 қыркүйектегі № 79/қе бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13104 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында: 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Кандидаттарды түпкілікті кәсіби іріктеу ҰҚО ЖОО-да жүргізіледі. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда кандидаттардың соңғы кәсіби іріктеуі цифрлық технологияларды қолдана отырып, қашықтық форматында жүргізіледі.»; 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «46. Әскери, арнаулы оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде баллдары тең болған жағдайда, мынадай кезектілікпен: 1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) кемінде екі жыл кезең ішінде жас сарбаз, жас айбын ретінде әскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары; 3) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, кемінде он бес жыл еңбек сіңірген қызметкерлердің, сондай-ақ жиырма және одан көп жыл еңбек сіңірген, қызметтен шығарылған адамдардың балалары; 4) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдар; 5) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылдың жалпы білім беретін пәндері бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, халықаралық олимпиядалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, халықаралық және республикалық орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ ағымдағы оқу жылының жалпы білім беретін пәндері бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың нысанасына сəйкес келген жағдайда, басым құқыққа ие болады.»; 1-қосымша 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Шетелдік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс жасайтын халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдарында (олардың филиалдарында) білімі туралы құжаттар алған кандидаттар, егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында және халықаралық шарттарында (келісімдерде) өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес берілген тиісті куәлікті ұсынады, сонымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтарына – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары және зертханалары берген білім туралы құжаттары білімі туралы құжаттарын тану рәсімін өткізбей Қазақстан Республикасында танылады.».
Тармақ 2
2. «Төмен тұрған құрамдағы әскери қызметшілерді не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 30 қыркүйектегі № 79/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төмен тұрған құрамдағы әскери қызметшілерді не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының азаматтарын бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау тар бағыттағы мамандығы, мамандандырылған білімі, қызметтік іс-қимылдың болжамды учаскесі бойынша қызмет өткеру тәжірибесі, бейіні бойынша магистр, философия докторы (PhD) дәрежесі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқытушылық қызметтің тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері (арнаулы мақсаттағы мобильді іс-қимыл бөлімшелерінің және ҰҚО объектілерін қорғауды қамтамасыз ететін бөлімшелердің әскери лауазымдары үшін) болған кезде, сондай-ақ олардың қарамағында әскери қызметшілер болмаған жағдайда жүзеге асырылады.»; 9-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді; 14-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда, сондай-ақ қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды үнемдеу мақсатында комиссияны цифрлық технологияларды қолдану арқылы қашықтық форматта өткізуге жол беріледі.».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері таныстырылсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.