О внесении изменения в постановление акимата от 13 июня 2016 года № 659 «О тарифах на автомобильные перевозки пассажиров и багажа города Рудного» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 «Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы» 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 қаулысына (2016 жылғы 24 маусымда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6485 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі барлық маршруттар үшін бірыңғай 80 теңге көлемінде белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.