О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 13 декабря 2016 года № 85 «Об утверждении Типовых квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «Б» Күшін жойған
Басқа 0
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарында:
24-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;»;
41-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.