О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 сентября 2017 года № 170 «Об установлении нормативных значений и методик расчетов пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению норм и лимитов размера капитала банка на определенную дату и Правил расчета и лимитов открытой валютной позиции» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерін, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерін, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерінде, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерінде: 71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «71. Өтімділік қалыптары орташа айлық негізде айқындалатын өтімділік коэффициенттерінің есептік мәндеріне қарамастан, өтімділік нормативтері есепті кезеңде банк кредиторлар мен салымшыларға мерзімі өткен міндеттемелер болған жағдайда орындалмаған деп есептеледі.»; 77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «77. Ақшаның әкетілуі банктің мынадай міндеттемелері бойынша Қалыптарға 14-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуінің кестесінде белгіленген әкетілу коэффициенттері қолданыла отырып, өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішіндегі ақшаның әкетілу сомасы ретінде есептеледі: жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі (ағымдағы шоттар, талап еткенге дейінгі салымдар, мерзімді және шартты салымдар бойынша, өтеу мерзімі белгіленбеген міндеттемелер бойынша). Жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі болған жағдайда мұндай міндеттемелер олардың орындалу мерзіміне қарамастан коэффициент есебіне толық көлемде қосылады. Банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету түріндегі салымдар тиісті қарыздың өтеу мерзіміне сәйкес есепке қосылады; банк активтерімен қамтамасыз етілмеген, белгіленген орындалу мерзімі жоқ не толық орындалу мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын немесе өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері алдындағы міндеттемелер бойынша (басқа кредиторлық берешекті қоспағанда, депозиттер, кредиттер, бағалы қағаздар бойынша), оның ішінде заңды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілердің бастамасы бойынша ақша әкетілуі; банк активтерімен қамтамасыз етілген, орындалу мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын немесе өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша (басқа кредиторлық берешекті қоспағанда, депозиттер, кредиттер, бағалы қағаздар, қарыз операциялары бойынша) ақшаның әкетілуі; егер міндеттемелерді орындау өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде көзделетін болса, толық орындалу мерзімі өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде не олардың толық орындалу мерзіміне қарамастан шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі. Тұрақты депозиттер «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заң) 18-бабында белгіленген мөлшерде жеке тұлғалардың кепілдік берілетін депозиттерін қамтиды. Тұрақтылығы төмен депозиттер депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңының 18-бабында белгіленген мөлшерден асатын сомада жеке тұлғалардың кепілдікті болып табылмайтын, не кепілдікті болып табылатын депозиттерін қамтиды. Жеке тұлғалардың депозиттерін жіктеу кезінде депозиттер әрбір клиент бойынша ұлттық және шетел валюталарындағы депозиттер бойынша жеке есепке алынады. Заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемелерін және клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдарды қамтиды. Егер клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салым шартында кем дегенде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын шарттың бұзылуы туралы алдын ала хабардар ету талабы көзделетін болса, не осы талап болмаған жағдайда шартты бұзу салым мөлшерінің 2 (екі) пайызынан асатын мөлшерде айыппұл төлеуге әкеп соқтыратын болса, клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар ақша әкетілуінің есебіне қосылады. Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар бойынша міндеттемелер клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті шоттағы ақшаның ең аз қалдығына тең мөлшерде айқындалады. Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар ретінде, сондай-ақ бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін ағымдағы шоттардағы және (немесе) талап етуге дейінгі салымдардағы қаражаттың бір бөлігі танылады: шот ашылған және клиент төлемдер және (немесе) аударымдар үшін кемінде 24 (жиырма төрт) ай немесе 24 (жиырма төрт) айдан аз қолданады; тартылған қаражат бойынша сыйақы мөлшерлемесі: ағымдағы шоттар бойынша – 0 (нөл) пайыздан; талап етуге дейінгі салымдар бойынша - 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыздан аспайды. Егер шот ашылған және төлемдер мен аударымдар үшін 24 (жиырма төрт) айдан аз қолданылатын болса, онда клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар ретінде тану мақсатында, мынадай талаптарды қосымша қанағаттандыруы қажет: ағымдағы шот немесе талап етуге дейінгі салым ретінде қолданылады; банк алдында айналымдарды және (немесе) шоттағы ақшаның ең аз қалдығын қолдау жөніндегі міндеттемесі бар. Шот ашылған және төлемдер мен аударымдар үшін 24 (жиырма төрт) айдан аз қолданылған жағдайда клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдардың мөлшері ағымдағы шоттағы немесе міндеттеменің туындаған күнінен талап етуге дейінгі салымдағы қалдықтардың орташа шамасы ретінде есептеледі. Банк шоттағы қалдықтардың орташа шамасын есептеуге негізделген клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жеткілікті банктік шоттағы ақшаның ең аз қалдығын айқындау әдістемесін әзірлейді. Заңды тұлғалардың алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар қарызының шарттары бойынша ақшаның әкетілуі бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген банктің міндеттемелерін, Қалыптарға 5-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерінің кестесіне сәйкес 20 (жиырма) пайыздан аспайтын кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының және халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелерді және қамтамасыз етілуі және бірінші немесе екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылмайтын өзге де міндеттемелерді қамтиды. Шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі Қалыптарға 14-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуінің кестесінде көзделген шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша әкетілу сомасын қамтиды. Шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша қосымша ақшаның әкетілуі мыналарды қамтиды: шарт талаптарына сәйкес банктің ағымдағы рейтингісінен 1 (бір), 2 (екі) не 3 (үш) сатыға дейін банктің ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді кредиттік рейтингі төмендеуі қосымша қамтамасыз ету үшін өтімділікті тарту, ақша төлемі, шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау түрінде қосымша қажеттілікке әкеп соғатын болса, шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік толық көлемде; нарықтық құны өзгерген кезде ақша аударымы болжанатын туынды қаржы құралдары мен өзге де операциялар бойынша позицияларды нарықтық бағалаудың өзгеруіне байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік. Ақшаның әкетілуі есебінде алдыңғы 24 (жиырма төрт) айдағы көрсетілген кезеңде ақшаның келуін шегергендегі ақшаның әкетілуіне тең ең көп 30 (отыз) күндік ақшаның нетто әкетілуі есепке алынады; бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылмайтын, Қалыптарға 13-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген есептеу коэффициенті қолданыла отыра және алынған қамтамасыз ету шегеріле отырып есептелген актив құнынан 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде банк ұсынған қамтамасыз етуді не туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша ұсынылуға жататын қамтамасыз етуді бағалаудың (әлеуетті құнының) өзгеруіне байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік. Егер қамтамасыз ету бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылса, өтімділіктегі қосымша қажеттілік талап етілмейді; клиенттің туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша банкке берілген қамтамасыз ету бөлігін дереу қайтаруды талап ету құқығымен байланысты, берілген қамтамасыз ету көлемінің қажетті көлемінен толық асып кету көлемінде асуымен негізделген ақшаның әкетілуі; банктің қамтамасыз етуді ұсынуы көзделетін операциялар бойынша өтімділікке деген қосымша қажеттілік және егер қамтамасыз ету ұсынылмаған жағдайда, шарттың талаптарына сәйкес қарсы агенттің қамтамасыз етуді талап ету құқығы; қамтамасыз етуді банкпен келісусіз сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтерге ауыстыру көзделетін операциялар бойынша өтімділікке деген қосымша қажеттілік; банк шығарған, активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген және өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар (оның ішінде ипотекалық бағалы қағаздар бойынша) бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі; банктің еншілес арнайы ұйымдары шығарған, күнтізбелік өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі (ұстаушының толық немесе ішінара мөлшерде мерзімінен бұрын сатып алуға талап қою құқығы көзделетін туынды қаржы құралдарын есептегенде). Банктің еншілес арнайы ұйымдары деп банктің кепілдігімен бағалы қағаздарды шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-еншілес арнайы ұйымдар және секьюритилендіру мәмілелері үшін құрылған арнайы қаржы компаниялары түсініледі. Қосымша ақшаның әкетілуін есептеу мақсатында шартты міндеттемелер, көрсетілген міндеттемелер қайтарусыз болып табылған жағдайда, пайдаланылмаған кредиттік желілер мен өтімділік желілерін қамтиды. Өтімділік желілері деп банктің мынадай: клиенттің бұдан бұрын шығарған бағалы қағаздарын өтеу үшін клиентке ақша ұсыну; бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру және (немесе) қайталама нарықта клиенттің бағалы қағаздарымен операциялар бойынша міндеттемелер шеңберінде клиенттің бағалы қағаздарын сатып алу міндеттемелері түсініледі. Қосымша ақшаның әкетілуін есептеу мақсатында шартты міндеттемелер өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде орындалуға жататын шығарылған бағалы қағаздар бойынша клиент міндеттемесінің мөлшерінен аспайтын мөлшердегі өтімділік желілері ретінде қосылады. Пайдаланылмаған шартты міндеттеменің қалған бөлігі, сондай-ақ қаржылық емес ұйымдарға айналым қаражатын толықтыруға берілген міндеттемелер кредиттік желілер ретінде шартты міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілу есебіне қосылады. Пайдаланылмаған кредиттік желілер мен өтімділік желілері қамтамасыз етуге берілген не қамтамасыз етуге берілуге жататын және мынадай талаптардың әрқайсысын қанағаттандыратын активтерді шегеру ескеріле отырып, қосымша ақшаның әкетілу есебіне қосылады: бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылады; банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің құрамына енгізілмеген; қайтарымдылық негізінде жасалатын операцияларды жүргізу үшін қолжетімді; мерзімінен бұрын қайтару туралы талап қою құқығы жоқ. Қалыптарға 14-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуі кестесінің 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-жолдарында ескерілмеген өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде жеке тұлғалар және қаржылық емес ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілулері өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде жеке тұлғалар және қаржылық емес ұйымдардан ақшаның келуінің 50 (елу) пайызынан асатын болса, асып кету сомасы Қалыптарға 14-қосымшаның Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуі кестесінің 29-жолына сәйкес 100 (бір жүз) пайыз ақшаның әкетілу коэффициенті қолданыла отырып ақшаның әкетілуінде есепке алынады.»; 80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «80. Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті қолжетімді тұрақты қорландырудың талап етілетін тұрақты қорландыруға қатынасы ретінде есептеледі. Қолжетімді тұрақты қорландырудың мөлшері бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес міндеттемелер мен Қалыптардың 7-тармағында көрсетілген оң айырмаларды және Қалыптардың 11-тармағында көрсетілген инвестицияларды шегергенге дейінгі меншікті капиталдың Қалыптарға 15-қосымшаға сәйкес Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесінде белгіленген қолжетімді тұрақты қорландыру коэффициенттеріне көбейтілген сома ретінде есептеледі. Жеке тұлғалардың депозиттері Қалыптардың 77-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес тұрақты және аздап тұрақсыз сияқты қолжетімді тұрақты қорландырудың есебіне кіргізіледі. Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар ретінде ағымдағы шоттар және Қалыптардың 77-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктеріне сәйкес келетін талап еткенге дейінгі салымдар танылады. Талап етілетін тұрақты қорландырудың мөлшері жиынтығында Қалыптарға 16-қосымшаға сәйкес Талап етілетін тұрақты қорландыру активтерінің кестесінде белгіленген талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициенттеріне көбейтілген бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес активтер және Қалыптарға 17-қосымшаға сәйкес Талап етілетін тұрақты қорландырудың шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесінде белгіленген талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициентіне көбейтілген талап етілетін тұрақты қорландырудың шартты және ықтимал міндеттемелері ретінде есептеледі.»; 15-қосымшаға сәйкес Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 16-қосымшаға сәйкес Талап етілетін тұрақты қорландыру активтерінің кестесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 17-қосымша сәйкес Талап етілетін тұрақты қорландырудың шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 10-жолын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті _____________________ 2019 жылғы «___» _____________
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 19 қаулысына 1-қосымша Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелеріне, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшеріне және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттеріне 15-қосымша № Бап­тар ата­уы Қол­же­тім­ді тұ­рақ­ты қор­лан­ды­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті, пай­ы­з­бен 1 Мен­шік­ті ка­пи­тал Қа­лып­тар­дың 7 және 11-тар­мақ­та­рын­да бел­гі­лен­ген ше­ге­рім­дер­ге дей­ін қо­сы­ла­ды (1 (бір) жыл­дан аз өтеу мер­зі­мі бар екін­ші дең­гей­де­гі ка­пи­тал құ­рал­да­рын қо­с­па­ған­да) 100 2 Ка­пи­тал­дың өзге құ­рал­да­ры және 1 (бір) жыл және одан көп қал­ған өтеу мер­зі­мі бар мін­дет­те­ме­лер 100 3 Тұ­рақ­ты де­по­зит­тер 95 4 Аз­дап тұ­рақ­сыз де­по­зит­тер 90 5 Қар­жы­лық емес ұй­ым­дар бер­ген 1 (бір) жыл­дан аз қал­ған өтеу мер­зі­мі бар мін­дет­те­ме­лер 50 6 Кли­ринг­тік, ка­сто­ди­ан­дық қыз­мет­пен, кли­ент­тің өтім­ді­лі­гін бас­қа­ру қыз­ме­ті­мен бай­ла­ны­сты са­лым­дар 50 7 Шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі, шет мем­ле­кет­тер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры және ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры ұсын­ған 1 (бір) жыл­дан аз қал­ған өтеу мер­зі­мі бар мін­дет­те­ме­лер 50 8 Заң­ды тұ­лға­лар­дың са­лым­да­рын қо­са ал­ған­да 6 (ал­ты) ай­дан көп және 1 (бір) жыл­дан аз қал­ған өтеу мер­зі­мі бар мін­дет­те­ме­лер­дің өзге түр­ле­рі 50 9 Заң­ды тұ­лға­лар­дың 6 (ал­ты) ай­дан аз қал­ған өтеу мер­зі­мі бар са­лым­да­ры 0 10 Заң­ды тұ­лға­лар­дың шартсыз мер­зі­мі­нен бұ­рын алу мүм­кін­ді­гі бар са­лым­да­ры 0 11 Өзге мiн­дет­те­ме­лер, оның ішін­де мер­зім­сіз мiн­дет­те­ме­лер (мер­зі­мі кей­ін­ге қал­ды­ры­л­ған са­лық мiн­дет­те­ме­ле­рі үшін ерекше ре­жим бел­гі­ле­умен) 0 12 Егер мiн­дет­те­ме­лер мөл­ше­рі туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры бой­ын­ша ак­тив­тер­дің мөл­ше­рі­нен ас­қан жағ­дай­да, туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры бой­ын­ша ак­тив­тер­ді ше­гер­ген­де туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша нет­то тұ­рақ­ты қор­лан­ды­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті 0 13 Са­тып алу кү­нін­де қар­жы құ­рал­да­рын, ше­тел ва­лю­та­сын са­тып алу­дан туын­дай­тын тө­лем­дер 0
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 19 қаулысына 2-қосымша Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелеріне, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшеріне және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттеріне 16-қосымша № Бап­тар ата­уы Та­лап еті­ле­тін тұ­рақ­ты қор­лан­ды­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті, пай­ы­з­бен 1 Қол­ма-қол ақ­ша 0 2 Ұлт­тық Банк­ке қой­ы­ла­тын та­лап­тар 0 3 6 (ал­ты) ай­дан аз қал­ған өтеу мер­зі­мі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық банк­те­ріне қой­ы­ла­тын та­лап­тар 0 4 Са­ту кү­нін­де қар­жы құ­рал­да­рын, ше­тел ва­лю­та­сын са­ту­дан туын­дай­тын ақ­ша­ның ке­луі 0 5 Ұлт­тық Банк­те­гі ақ­ша қа­ра­жа­тын және ре­зерв­тер­ді қо­с­па­ған­да, ауырт­па­лық са­лын­ба­ған бі­рін­ші дең­гей­де­гі са­па­сы жо­ға­ры өтім­ді ак­тив­тер 5 6 Қар­жы ұй­ым­да­ры­на бе­рі­л­ген 6 (ал­ты) ай­дан аз қал­ған өтеу мер­зі­мі бар, банк ке­пі­л­ге қай­та бе­руі мүм­кін бі­рін­ші дең­гей­де­гі са­па­сы жо­ға­ры өтім­ді ак­тив­тер­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген, ауырт­па­лық са­лын­ба­ған қары­здар 10 7 Қар­жы ұй­ым­да­ры­на бе­рі­л­ген 6 (ал­ты) ай­дан аз қал­ған өтеу мер­зі­мі бар, ауырт­па­лық са­лын­ба­ған өзге қары­здар 15 8 Ауырт­па­лық са­лын­ба­ған екін­ші дең­гей­де­гі са­па­сы жо­ға­ры өтім­ді ак­тив­тер 15 9 Өте­у­ге дей­ін 1 (бір) жыл­дан аз қал­ған мер­зі­мі бар «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на және «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на бе­рі­л­ген қары­здар, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті ке­піл­дік бер­ген қары­здар 25 10 Өте­у­ге дей­ін 1 (бір) жыл және одан көп қал­ған мер­зі­мі бар «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на және «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на бе­рі­л­ген қары­здар, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті ке­піл­дік бер­ген қары­здар 30 11 6 (ал­ты) ай­дан көп және 1 (бір) жыл­дан аз ке­зең­ге ауырт­па­лық са­лын­ған са­па­сы жо­ға­ры өтім­ді ак­тив­тер 50 12 6 (ал­ты) ай­дан көп және 1 (бір) жыл­дан аз қал­ған өтеу мер­зі­мі бар қар­жы ұй­ым­да­ры­на, шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық банк­те­ріне бе­рі­л­ген қары­здар 50 13 Бас­қа банк­тер­де­гі кли­ринг­тік, ка­сто­ди­ан­дық қыз­мет­пен, кли­ент­тің өтім­ді­лі­гін бас­қа­ру қыз­ме­ті­мен бай­ла­ны­сты са­лым­дар 50 14 Қар­жы­лық емес ұй­ым­дар­ға қары­здар­ды, тұ­ты­ну­шы­лық қары­здар­ды, ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне қары­здар­ды қо­са ал­ған­да, са­па­сы жо­ға­ры өтім­ді ак­тив­тер бо­лып та­был­май­тын, 1 (бір) жыл­дан аз қал­ған өтеу мер­зі­мі бар өзге ак­тив­тер 50 15 1 (бір) жыл және одан көп қал­ған өтеу мер­зі­мі бар, 35 (отыз бес) пай­ы­здан көп емес кре­дит­тік тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша мөл­шер­ле­не­тін ауырт­па­лық са­лын­ба­ған ипо­те­ка­лық кре­дит­тер 65 16 1 (бір) жыл және одан көп қал­ған өтеу мер­зі­мі бар, 35 (отыз бес) пай­ы­здан көп емес кре­дит­тік тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша мөл­шер­ле­не­тін, қар­жы ұй­ым­да­ры­на бе­рі­л­ген қары­здар­ды қо­с­па­ған­да, ауырт­па­лық са­лын­ба­ған өзге қары­здар 65 17 Туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры­мен мәмі­ле­лер бой­ын­ша ба­стап­қы мар­жа ре­т­ін­де қам­та­ма­сыз ету бо­лып та­бы­ла­тын ақ­ша, ба­ға­лы қа­ға­з­дар мен өзге ак­тив­тер, ор­та­лық қар­сы агент­ке мін­дет­ті тө­лем ре­т­ін­де бе­рі­л­ген ақ­ша неме­се өзге ак­тив­тер 85 18 Негіз­гі бо­рыш және (неме­се) есеп­тел­ген сый­а­қы бой­ын­ша мер­зі­мі өт­кен бе­ре­ше­гі бар қары­здар­ды қо­с­па­ған­да, қар­жы ұй­ым­да­ры­на бе­рі­л­ген қары­здар­ды қо­с­па­ған­да, 35 (отыз бес) пай­ы­здан көп кре­дит­тік тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша мөл­шер­ле­не­тін және 1 (бір) жыл және одан көп қал­ған өтеу мер­зі­мі бар ауырт­па­лық са­лын­ба­ған кре­дит­тер 85 19 1 (бір) жыл және одан көп қал­ған өтеу мер­зі­мі бар, са­па­сы жо­ға­ры өтім­ді ак­тив­тер бо­лып та­был­май­тын және қор бир­жа­ла­рын­да ай­на­лы­с­та­ғы ауырт­па­лық са­лын­ба­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар (ак­ци­я­лар) 85 20 Та­зар­ты­л­ған ал­тын­ды қо­са ал­ған­да, қор бир­жа­ла­рын­да ай­на­лы­с­та­ғы та­у­ар­лар 85 21 1 (бір) жыл және одан көп ке­зең­ге ауырт­па­лық са­лын­ған ак­тив­тер 100 22 Егер ак­тив­тер­дің мөл­ше­рі туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­дің мөл­ше­рі­нен ас­қан жағ­дай­да, туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді ше­гер­ген­де, туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры бой­ын­ша ак­тив­тер бой­ын­ша нет­то тұ­рақ­ты қор­лан­ды­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті 100 23 1 (бір) жыл және одан көп қал­ған өтеу мерзi­мi бар қар­жы ұй­ым­да­ры­на бе­рі­л­ген жұ­мыс іс­те­мей­тін кре­дит­тер­ді, қары­здар­ды қо­са ал­ған­да, өзге ак­тив­тер 100 24 Қор бир­жа­ла­рын­да ай­на­лы­ста жоқ ак­ци­я­лар, ма­те­ри­ал­дық ак­тив­тер, банк­тің мен­шік­ті ка­пи­та­лы­нан ше­ге­рі­л­ген бап­тар, жи­нақ­тал­ған сый­а­қы, сақ­тан­ды­ру ак­тив­те­рі, ен­ші­лес ұй­ым­дар­да­ғы үлес, мер­зі­мі өт­кен бо­рыш бой­ын­ша пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме 100
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 19 қаулысына 3-қосымша Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелеріне, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшеріне және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттеріне 17-қосымша № Бап­тар ата­уы Та­лап еті­ле­тін тұ­рақ­ты қор­лан­ды­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті, пай­ы­з­бен 1 Кез кел­ген кли­ент­тер­ге бе­рі­л­ген қай­та­рып алын­бай­тын және шар­тты-қай­та­рып алы­на­тын кре­дит­тік же­лі­лер мен өтім­ді­лік же­лі­ле­рі (пай­да­ла­ныл­ма­ған көлем­нің үле­сі) 5 2 Мы­на­дай құ­рал­дар­ды қо­са ал­ған­да, өзге мін­дет­те­ме­лер: шартсыз қай­та­рып алы­на­тын кре­дит­тік же­лі­лер мен өтім­ді­лік же­лі­ле­рі; са­уда­ны қар­жы­лан­ды­ру бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер (ке­піл­дік­тер мен ке­піл­де­ме­лер­ді қо­са ал­ған­да); та­у­ар­лар мен қыз­мет­тер­дің экс­пор­тын және им­пор­тын қар­жы­лан­ды­ру­ға бай­ла­ны­сты емес ке­піл­дік­тер мен ке­піл­ді­ме­лер; банк шы­ғар­ған неме­се құ­ры­лым­дан­ды­ры­л­ған өнім­дер­мен бай­ла­ны­сты бо­ры­шты са­тып алу­ға ық­ти­мал та­лап­тар­ды қо­са ал­ған­да, ке­лі­сім­шар­ттық емес мін­дет­те­ме­лер 5