О внесении изменения в постановление акимата Каракиянского района от 13 декабря 2017 года № 262 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов в Каракиянском районе» Қолданыста
Басқа 0
Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 «Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3495 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарақия аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Басқа 4
Қарақия ауданы әкімдігінің
«____»________ 2026 жылғы
№____ қаулысына қосымша
Қарақия ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 262 қаулысына 2 қосымша
Қарақия ауданының аумағында барлық үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Құрық ауылы
Құрық ауылындағы қоғамдық базар жанындағы ақпараттық стенд
Қарақия теміржол станциясы елдімекеніндегі орталық алаң жанындағы ақпараттық стенд
2
Мұнайшы ауылы
Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
«Теміржолшы» шағын ауданындағы «Жастар» саябағы жанындағы ақпараттық стенд
3
Жетібай ауылы
«Жаңақұрылыс» шағын ауданындағы «Ынтымақ» алаңы жанындағы ақпараттық стенд
4
Сенек ауылы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Қашаған Күржіманұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
5
Бостан ауылдық округі
Бостан ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы ақпараттық стенд
6
Құланды ауылдық округі
Құланды ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы ақпараттық стенд
7
Болашақ ауылдық округі
Болашақ ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы ақпараттық стенд