О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 13 декабря 2017 года № 867 «Об утверждении Правил приемки построенного объекта в эксплуатацию собственником самостоятельно, а также формы акта приемки» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Меншік иесі салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдаған кезде мыналардың болуы талап етіледі: 1) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы (тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей және жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздемейтін қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) қоспағанда); 2) техникалық шарттар (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне объектілерді қосу, қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда); 3) нобай (нобайлық жоба)/техникалық жоба; 4) инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі (Заңның 60-бабы 2-тармағының 4), 11), 13), 16), 17), 19) тармақшаларында көрсетілген объектілерді қоспағанда).»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Салынған объектіні пайдалануға қабылдаған кезде меншік иесі: 1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісін (бұдан әрі – акт) ресімдей отырып, объектіні пайдалануға қабылдайды; 2) нобай (нобайлық жобаның)/техникалық жобаның объектілерді жобалау үшін берілген бастапқы материалдардың (құжаттардың) және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарының сақталуын тексереді; 3) егер объект мердігерлік тәсілмен салынған жағдайда, орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылған құрылыс материалдарының (бұйымдардың, конструкциялардың) және жабдықтардың нобайға (нобайлық жобаға)/техникалық жобаға, сондай-ақ мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкестігін тексереді; 4) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде салынған объектіні пайдалануға беру актісінің бұрын берілген техникалық жобаға сәйкестігі жөнінде жобалаушымен келіседі.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Акт инженерлік желілердің және/немесе ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін қоса бере отырып, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде міндетті есепке алуға жатады.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 2-қосымшаның меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісіне 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 22 маусымдағы № 461 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына 2-қосымша нысан Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісі ________________________ 20__ жылғы «____» ____________ (елді мекеннің атауы) Құрылыстың меншік иесі ____________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрақты мекенжайы) және мердігер (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса) ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (құрылысты жүзеге асырған ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ұйымның мекенжайы, телефоны, лицензия №, алған күні) АНЫҚТАДЫ: 1. _________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (объектінің атауы, орналасқан жері немесе мекенжайы) ________________________________________________________________________ объектіні салуды/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) меншік иесі дербес ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) және/немесе ол тартқан мердігерлік ұйым ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________. (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) жүзеге асырды. 2. Мыналар орындалды: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (жұмыстар түрлері) 3. Объектіні салу ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (шешім шығарған органның атауы, шешім № және күні) негізінде жүргізілген. 4. Құрылыс/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) нобай (нобайлық жоба)/техникалық жоба бойынша жүзеге асырылды: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ нобайды (нобайлық жобаны)/техникалық жобаны әзірлеген ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Нобай (нобайлық жоба) ______________________________________________ _______________________________________________________________ келісілді. (келісім хат берген ұйымның атауы, № және күні) 5. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылды: Жұмыстың басталуы _______________________________________________ (айы және жылы) Жұмыстың аяқталуы _______________________________________________. (айы және жылы) 6. Пайдалануға қабылданатын объектінің осы актіге __________ қосымшаға сәйкес техникалық сипаттамалары бар. 7. Жарылыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар _________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________. (орындалғаны туралы мәліметтер) 8. Құрылысы аяқталған объектінің/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) қолданыстағы ғимараттың үй-жайларының мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік талаптарға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына, келісілген нобайға (нобайлық жобаға)/техникалық жобаға сәйкестігін растау негізінде жеке меншік иесі: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (объектінің атауы) пайдалануға ҚАБЫЛДАУДЫ шешті. 9. Салынған объектінің нормативтік талаптарға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына, нобайға (нобайлық жобаға)/техникалық жобаға сәйкестігін растаймын. Объектінің меншік иесі _______________________________________________ ________________________________________________________________________. (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрақты мекенжайы, қолы, мерзімі) Мердігер (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса) ________________________________________________________________________. (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мерзімі, мөр (бар болса) Жобалаушы ұйым (тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты емес ғимараттар мен құрылыстарды (жекелеген бөліктерін, үй-жайларды) реконструкциялаған (қайта жоспарлаған, қайта жабдықтаған) жағдайда) ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________. (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мерзімі, мөр) 10. Пайдалануға қабылдайтын объекті құрылысының жалпы құны __________ мың тенге (меншік иесімен дербес анықталады).
Басқа 8. Объектінің техникалық сипаттамасы (екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер; жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар; маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстары; маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (қоймалар мен сақтау орындары (аралығы 6 м дейін, биіктігі 7 м дейін ж
Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісіне қосымша Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісіне 2-қосымша Объектінің техникалық сипаттамасы (екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер; жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар; маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстары; маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (қоймалар мен сақтау орындары (аралығы 6 м дейін, биіктігі 7 м дейін және алаңы 2000 м2 дейін қоса алғанда)) Объектінің атауы (негізгі құрылыс, жапсарлас құрылыс, шаруашылық құрылыс және басқа) Өлшем бірлігі Жалпы мәліметтер қабаттардың саны (қабат) құрылыс салу алаңы (м2) ғимарат көлемі (м3) тұрғын бөлмелердің саны жалпы алаң (м2) тұрғын алаңы (м2) биіктігі (м) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 кестенің жалғасы Конструктивтік элементтер сипаттамасы Жылыту түрі іргетас қабырғалар/ қалқалар шатыр жабыны аражабын едендер өндеу 10 11 12 13 14 15 16 кестенің жалғасы Абаттандыру электрмен жабдықтау сумен жабдықтау ыстық сумен жабдықтау кәріз газбен жабдықтау 17 18 19 20 21 Объектінің жоспары Масштабы__________ Объектінің жоспарына экспликация Қабат Үй-жайлардың нөмірі Үй-жайлардың мақсаты Ішкі өлшеу бойынша алаңы (м²), оның ішінде жалпы пайдалы 1 2 3 4 5 Жер учаскесінің экспликациясы Жалпы алаң (м2) Оның ішінде (м2) сәндік бақ бақша салынған аула жабыны тротуарлар жиектер топырағы 1 2 3 4 5 6 7 Жер учаскесінің жоспары Масштабы__________ Меншік иесі (тапсырыс беруші, құрылыс салушы) __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Мөрдің орны (бар болса)