О внесении изменений в решение акима города Астаны от 13 декабря 2018 года № 01-21 «О границах избирательных участков по городу Нур-Султан» Күшін жойған
Басқа 0
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1193 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
№ 310 сайлау учаскесіндегі «№ 73 мектеп-лицей, № 191 көше, № 2 үй» деген сөздер мен сандар «Қазақ ұлттық өнер университеті, Тәуелсіздік даңғылы, № 50» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 330 сайлау учаскесіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, № 54» деген сөздер мен сандар «№ 73 мектеп-лицей, № 191 көше, № 2 үй» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімге 2-қосымшада:
№ 66 сайлау учаскесіндегі «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, № 34» деген сөздер мен сандар «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, Абай даңғылы, № 38» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 67 сайлау учаскесіндегі «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, № 34» деген сөздер мен сандар «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, Абай даңғылы, № 38» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 87 сайлау учаскесіндегі «А. Иманов көшесі, № 39» деген сөздер мен сандар «А. Иманов көшесі, № 37» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 91 сайлау учаскесіндегі «А. Иманов көшесі, № 39» деген сөздер мен цифрлар «А. Иманов көшесі, № 37» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 96 сайлау учаскесіндегі «Балабақша кешені – № 12 бастауыш мектебі, Қамысты көшесі, № 7» деген сөздер мен сандар «Шипагер медициналық колледжі, И. Чехоев көшесі, № 14/1» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 334 сайлау учаскесіндегі «Ш. Уәлиханов № 23 көшесіндегі тірек» деген сөздер мен сандар «№ 2 балалар музыка мектебі, Ш. Айманов көшесі, № 8» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 335 сайлау учаскесіндегі «Білім-инновация» дарынды ер балаларға арналған лицей-интернаты, С. Сейфуллин көшесі, № 59» деген сөздер мен сандар «№ 8 мектеп-лицей, С. Сейфуллин көшесі, № 50» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 336 сайлау учаскесіндегі «Білім-инновация» дарынды ер балаларға арналған лицей-интернаты, С. Сейфуллин көшесі, № 59» деген сөздер мен сандар «№ 8 мектеп-лицей, С. Сейфуллин көшесі, № 50» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімге 3-қосымшада:
№ 108 сайлау учаскесіндегі «Экономикалық лицей, Түркістан көшесі, № 8/3» деген сөздер мен сандар «Республикалық физика-математика мектебі, Түркістан көшесі, № 2/1» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 121 сайлау учаскесіндегі «Назарбаев Университет» ДБҰ, Қабанбай батыр даңғылы, № 53» деген сөздер мен сандар «Алау» мұзайдыны сарайы, Қабанбай батыр даңғылы, № 47» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімге 4-қосымшада:
№ 138 сайлау учаскесіндегі «М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Желтоқсан көшесі, № 13» деген сөздер мен сандар «Астана» концерт залы, Кенесары көшесі, № 32» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.