О внесении дополнений в решение акима города Астаны от 13 декабря 2018 года № 01-21 «О границах избирательных участков по городу Астане» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне толықтырулар енгізу туралы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1193 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімге 5-қосымша: мынадай мазмұндағы № 415, 416, 417, 418, 419, 420, 421, 422, 423 сайлау учаскелерімен толықтырылсын: «№ 415 сайлау учаскесі Бейрут қаласы, Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшілігі № 416 сайлау учаскесі Стокгольм қаласы, Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі № 417 сайлау учаскесі Осло қаласы, Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі № 418 сайлау учаскесі Ханой қаласы, Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі № 419 сайлау учаскесі Кишинев қаласы, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігі № 420 сайлау учаскесі Лиссабон қаласы, Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі № 421 сайлау учаскесі Эль-Кувейт қаласы, Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі № 422 сайлау учаскесі Претория қаласы, Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі № 423 сайлау учаскесі Аддис-Абеба қаласы, Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы