О признании утратившим силу приказа исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 13 апреля 2018 года № 126 «Об утверждении перечня налогоплательщиков, осуществляющих деятельность в рамках контракта на недропользование, обороты по реализации нестабильного конденсата которых с территории Республики Казахстан на территорию других государств – членов Евразийского экономического союза облагаются налогом на добавленную стоимость по нулевой ставке» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 126 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 126 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16836 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі