О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 13 апреля 2018 года № 127 «Об утверждении Правил снятия показаний с приборов учета количества реализованного нестабильного конденсата по системе трубопроводов» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1.  «Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16847 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 393-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларында: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 393-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібін айқындайды.»; 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында есепке алу аспаптарына пломбалар салу жолымен пломбалау жүргізіледі. Пломбалауды беруші тараптың жауапты адамдарының қатысуымен салық органының лауазымды адамы жүзеге асырады. Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспабы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес салыстырып тексеруге жатады.»; 8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «8. Құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу мақсаттары үшін тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу тікелей әдіспен жүзеге асырылады. 9. Тікелей әдісті қолданған кезде тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу жүйесі пайдаланыла отырып, тікелей массаны өлшеу бірлігінде (тоннада, килограмда) жүзеге асырылады.»; 10 және 11-тармақтар алып тасталсын. Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 8. 20__ жылғы «____» _____________ пломбалар салу (алу) туралы акт
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2022 жылғы 22 маусымдағы № 218 бұйрығына қосымша Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларына 1-қосымша нысан 20__ жылғы «____» _____________ пломбалар салу (алу) туралы акт Біз, төменде қол қойған_ _________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ пломбалар салудың (алудың) жүргізілгені туралы осы актіні жасадық. Ата­уы Ас­пап тү­рі, дәл­ме-дәл­дік сы­ны­бы неме­се шек­ті рұқ­сат еті­л­ген қа­те­лі­гі Плом ба са­лу сәт­ін­де­гі ас­пап тың көр­се­ті­лі­мі Са­лын ған плом­ба­ның нө­мі­рі (неме­се бе­де­рі) Плом­ба­ны алу сәт­ін­де гі ас­пап тың көр­се­ті лі­мі Алын ған плом­ба­ның нө­мі­рі (неме­се бе­де­рі) Плом­ба­лар­дың са­ны (са­лын­ған/ алын­ған) Са­лыс ты­рып тек­се­ру ту­ра­лы cер­ти­фи­кат 1 2 3 4 5 6 7 8 _________________ __________________ __________________ (салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ________________ ___________________ __________________ (беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))