О внесении изменения в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 13 июня 2018 года № 163 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 13 маусымдағы № 163 «Пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37- бабы 7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 163 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің элоктрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 09 шілдеде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4790 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «25» сәуірдегі
№ 112 қаулысына
қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота
Ұйымдар атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Белгіленген квотаға (адам) сәйкес жұмыс орындарының саны
«Саумалкөл жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
100
1%
1