О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № 174 «Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы №174 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы №174 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16440 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрығымен бекітілген Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының салық төлеушісі (бұдан әрі – ұйымдастырушы) орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органын оны өткізуді бастағанға дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылар тізімімен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы жазбаша хабарлайды. Көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарламаға: 1) мақсаты мен бағдары көрсетіле отырып, басшы мен бас бухгалтердің (ол болған жағдайда) қолдарымен, сондай-ақ ұйымдастырушының мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда) куәландырылған осындай көрме және (немесе) жәрмеңке өткізу туралы көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы (ұйымдастырушылар) шешімінің көшірмесі; 2) жылжымайтын мүлікті жалға алу (сатып алу-сату) шартының немесе жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу мақсатында жылжымайтын мүлікті пайдалану және (немесе) иелік ету және (немесе) билік ету құқығын растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжат; 3) тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органымен көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу уақыты мен орнын келісуді растайтын құжат қоса беріледі. Көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұйымдастырушы жаңа хабарламаны берумен бір мезгілде бұрын берілген хабарламаны қайтарып алу жолымен жүргізеді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.