О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2018 года № 263 «Об утверждении Правил проведения аудита информационных систем» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17141 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабының 22) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу тәртібін айқындайды.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің аудитін жүргізген кезде аудиторды таңдау «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Жасанды интеллект жүйелеріне аудит жүргізу кезінде: 1) жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасы және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығы; 2) «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің болуы қосымша бағалануы тиіс.»; мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: «16-1. Дерекнамаларды пайдаланудың сапасы мен заңдылығын бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген деректерді басқару талаптарына сәйкес дерекнаманың міндетті метадеректерінің болуын және дұрыстығын тексеру арқылы жүзеге асырылады.»; 17-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасы және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын бағалауды; 2-2) «Жасанды интеллект туралы» Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің болуын бағалауды.».
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.