О внесении изменения в постановление акимата Сайрамского района от 13 августа 2018 года № 467 «Об утверждении положений государственных органов акимата Сайрамского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайрам ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 467 «Сайрам ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдарының ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сайрам ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 тамыздағы №467 «Сайрам ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдарының ережелерін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1 тармағының 4 тармақшасымен бекітілген Сайрам ауданы әкімдігінің «Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы ережені әділет органдарында тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дуйсебаевқа жүктелсін.
Басқа 4. «Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Cайрам ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 03 желтоқсандағы № 816 қаулысына қосымша «Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) мемлекеттік саясатты және ішкі саясат саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Сайрам ауданы ішкі саясат бөлімінің мынандай ведомстволары бар: «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Тармақ 6
6. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160800, ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Сәтпаев көшесі, 7 үй, телефондары: 8 (725-31) 2-34-93, 2-34-75 факс.
Тармақ 10
10. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Сайрам ауданының ішкі саясат бөліміне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Сайрам ауданының ішкі саясат бөліміне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
2. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 14
14. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің миссиясы: Ұлт алдында тұрған стратегиялық міндеттерді бірыңғай түсінуге аудан халқын топтастыруға бағытталған ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, мемлекеттілікті және азаматтардың әлеуметтік оптимизмінің қалыптасуын нығайту.
Тармақ 15
15. Бөлімінің негізгі мiндеттері:
Тармақша 1
1) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) аудандағы жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;
Тармақша 3
3) Бөлімінің құзырына қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстанның 2030 жылға және 2050 жылға дейінгі даму стратегияларының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын ауданда түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ішкі саясат саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 6
6) ауданда ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 7
7) аудандағы ішкі саяси үрдістерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен талдауын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) азаматтық қоғам институттарымен, ауданның қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады;
Тармақша 9
9) бекітіліп берілген және басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың коммуналдық мүлкінің пайдалануына және сақталуына бақылауды жүргізеді.
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақ 16
16. Бөлімінің функциялары:
Тармақша 1
1) ішкі саясаттың басты бағыттары бойынша, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
Тармақша 2
2) ішкі саяси тұрақтылығын, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру;
Тармақша 3
3) аудандағы ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, аталған бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 5
5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі аудандық ақпараттық-насихаттық топтардың (АНТ) аудандағы қызметін ұйымдастыру, АНТ-ты ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ, ғылыми және шығармашылық қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдары мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;
Тармақша 9
9) аудандағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ-тың мемлекеттік тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және үйлестіру;
Тармақша 10
10) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің актілерінің жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;
Тармақша 11
11) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен, аудан әкімінің аппаратымен, бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 12
12) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны қалыптастыру, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу;
Тармақша 13
13) аудандағы діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
Тармақша 14
14) аудан әкімдігіне Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 15
15) аудан әкімдігіне діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 16
16) «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумын ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 17
17) ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға шаралар қарастырады;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) аудан аумағында жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін тиісті ұсынымдар енгізу.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
Тармақша 2
2) аудан әкіміне жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, жергілікті атқарушы органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысуға;
Тармақша 4
4) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге.
Тарау 3. 3. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметiн ұйымдастыру
3. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінде басшылықты Сайрам ауданының ішкі саясат бөліміне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 20
20. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 21
21. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының өкiлеттiлігі:
Тармақша 1
1) өз орынбасарлары және бөлімнің құрылымдық бөлімшелері жетекшілерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
Тармақша 2
2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
Тармақша 8
8) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
Тармақша 9
9) бөлімнің стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;
Тармақша 10
10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтерінің мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
Тармақша 11
11) заңдылықтың, бөлімнің қызметіндегі келісім-шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) заңнамада белгіленген тәртіппен меморандумдарға қол қояды;
Тармақша 13
13) бөлімнің қаржы-шаруашылық қызметіне және мекеме мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;
Тармақша 14
14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.
Тармақ 23
23. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
Тарау 4. 4. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің мүлкi
4. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің мүлкi
Тармақ 24
24. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Сайрам ауданының ішкі саясат бөліміне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату
5. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27
27. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
6. Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Тармақ 1
1. «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.