О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 13 апреля 2018 года № 6-18-4 «О корректировке базовых ставок земельного налога и единого земельного налога по Айыртаускому району Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі №6-18-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі №6-18-4 шешіміне (2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау электрондық түрдегі банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4695 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы»; көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; 2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
Тармақ 2
«2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.»;
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жариялануы тиіс және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.