О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 13 апреля 2018 года № 6-18-4 «О ставках земельного налога по Айыртаускому району Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Саумалкөл ауылы село Саумалколь
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының
2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 «Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Айыртау аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы» 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4695 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.