О признании утратившим силу постановления акимата города Лисаковска Костанайской области от 13 марта 2018 года № 98 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Лисаковска» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Лисаков қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 98 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 98 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7646 болып тіркелді).
Тармақ 2
2. «Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.