О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Комитета по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 170 «Об утверждении положений бассейновых инспекций по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2019 жылғы 13 тамыздағы №170 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2019 жылғы 13 тамыздағы №170 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: Осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларда: 14-тармақ мынадай мазмұнды 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;»; 14-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;»; 14-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «19) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданысын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;»; 14-тармақтың 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «33) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;»; 14-тармақтың 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «39) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;»; 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «17. Инспекция басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрмен келісуі бойынша аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 18. Инспекция басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.