О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 13 мая 2019 года № 184 «О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 11 сентября 2017 года № 314 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Актюбинской области» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 184 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 314 «Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 184 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 314 «Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6142 тіркелген, 2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының кіріспесі орыс тіліндегі мынадай редакцияда жазылсын: «В соответствии со статьями 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении Республики Казахстан», подпунктом 3) пункта 3 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об участии граждан в обеспечении общественного порядка», пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года «О правовых актах» акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:», қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланған күнінен кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.