О внесении изменения и дополнений в решение Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 13 марта 2020 года № 238/71 «Об установлении повышенных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысының Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 аурыздағы «Шарбақты ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін белгілеу туралы» № 238/71 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Павлодар облысының Шарбақты аудандық мәслихаты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы «Шарбақты ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін белгілеу туралы» № 238/71 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 140419 болып тіркелген) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы «мәдениет,» деген сөзден кейін «архив ісі,» сөздермен толықтырылсын; аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Павлодар облысының Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы «мәдениет,» деген сөзден кейін «архив ісі,» сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.