О внесении изменений в решение маслихата от 13 января 2020 года № 312 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Урожайное Сарыкольского района Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 312 «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 312 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8903 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»; көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың 2022 жылғы 18 ақпандағы № 119 шешіміне 1-қосымша Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Урожайное ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылы аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Урожайное ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Урожайное ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді Урожайное ауылының әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Урожайное ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Урожайное ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Урожайное ауылы әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 20. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2022 жылғы 18 ақпандағы № 119 шешіміне 2-қосымша Мәслихаттың 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 312 шешіміне қосымша Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылы тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының тұрғындары үшін 5