О внесении изменения в решение маслихата от 13 января 2020 года № 375 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2020 жылғы 13 қантардағы № 375 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2020 жылғы 13 қантардағы № 375 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8910 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
4-тармақта:
«аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;» деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.