О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 13 марта 2020 года № 57 «Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки» Күшін жойған
Басқа 0
«Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын
ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар
нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 13 наурыздағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6094 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 27 шілдедегі
№ 148 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің
2020 жылғы «13» наурыздағы
№ 57 қаулысына
қосымша
Ауылшаруашылық өнімнің атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге/ килограмм
Шикі сүт
Сары май
39,3
Шикі сүт
Қатты ірімшік
14,0
Шикі сүт
Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)
11,2
Бидай
Бидайдың құрғақ дән маңызы (бидай глютені)
8,97