О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султан от 13 декабря 2021 года № 107-4464 «Об определении объема и размера финансирования государственного образовательного заказа на дошкольные организации города Нур-Султан на период действия ограничительных мер, в том числе карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы»; көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген), «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) бұйрықтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшері осы қаулыға қосымшағана сәйкес айқындалсын.»; көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді; 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.»; көрсетілген қаулының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»; көрсетілген қаулыға қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын: «Астана қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысына қосымша»; көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшері
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 07 ақпандағы № 107-194 қаулысына қосымша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысына қосымша Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшері Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да­ғы бір тәр­би­е­ле­ну­ші­нің ай­лық құ­ны (тең­ге) Жал­пы да­мы­ту­шы топ­тар Мем­ле­кет­тік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым жа­нын­да­ғы мек­теп­ке дей­ін­гі ша­ғын ор­та­лық Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы тү­зе­ту және ин­клю­зив­ті топ­тар Ба­ра­тын тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі (топ­та 15 ба­ла­дан ар­тық емес) Кел­мей­тін тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі Ба­ра­тын тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі (топ­та 15 ба­ла­дан ар­тық емес) Кел­мей­тін тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі Ба­ра­тын тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі (топ­та 15 ба­ла­дан ар­тық емес) Кел­мей­тін тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі 46 189 37 716 20 202 15 448 98 665 90 192