О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 13 июля 2021 года № 246/НҚ «Об утверждении Правил и сроков приведения в соответствие сведений о заявителе в информационных системах» Күшін жойған
Басқа 0
«Ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 246/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 246/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру мерзімдері мен қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 6 қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Басқа 0
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 311/НҚ бұйрығына
қосымша
Ақпараттық жүйелердегі өтініш
беруші туралы мәліметтерді
сәйкес келтіру мерзімдері
мен қағидаларына
6-қосымша
____________________________
(Мемлекеттік корпорацияның
бөлімшесінің немесе жәрдемақы
тағайындау жөніндегі уәкілетті
органның атауы)
____________________________
(мекенжайы)
Ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы / ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуден бас тарту туралы хабарлам
20__ жылғы «__» ________ № ________
_______________________________ (ақпараттық жүйе операторының атауын көрсету) ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы / ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуден бас тарту туралы хабарлайды:
Ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіруге сұрау салудың нөмірі мен күні
жеке тұлғанының ЖСН
Тегі
Аты
Әкесінің аты
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен бекітілген Ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру мерзімдері мен қағидаларының 8-тармағында көзделген ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіруден бас тарту үшін ақпараттық жүйелерде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар/негіздемелер 2021 жылғы 13 шілдедегі № 246/НҚ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23531 болып тіркелді)
Лауазымы (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)