О внесении изменения в приказ Председателя Верховного Суда Республики Казахстан от 13 сентября 2021 года № 28 «Об утверждении Правил деятельности Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 28 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24428 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларында: 84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «84. Тестілеудің қорытындысы бойынша емтихан тапсырушыға дұрыс жауаптардың санына қарай мынадай балл: 75-тен 89-ға дейінгі дұрыс жауаптары үшін – 4 деген баға; 90-нан 100-ге дейінгі дұрыс жауаптары үшін – 5 деген баға қойылады. 4-тен төмен баға алған тұлға емтиханның (тестілеу) бірінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі. Тестілеу қорытындысы бойынша 4 және одан жоғары баға алған тұлға кейсті шешуге жіберіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректоры З.Х. Баймолдинаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.