О внесении дополнения в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 13 сентября 2022 года № 1-к «Об утверждении положения Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к бұйрығына толықтыру енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес және Министрдің міндетін атқарушының 2025 жылғы 22 тамыздағы № 425 бұйрығымен бекітілген Ғылымды дамытуға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к  бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 15-тармақ мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын: «43-1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережені әзірлейді;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.